Грузияда парламенттік сайлаулар басталды

БАКУ-ТБИЛИСИ. 1 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Грузияда жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат сегізде парламенттік сайлаулар басталды.

Грузияда парламенттік сайлаулар басталды

Конституцияға енгзілген өзгертулер күшіне енетін 2013 жылдан бастап Парламент анағұрлым кең құзыретке ие болады, ал мемлекет басшысының құқықтары азайтылатын болады.

Дауыс берушілердің саны сайлаушылардың 1/3 бөлігіне жеткен жағдайда ғана сайлау өтті деп танылады.

Грузияның Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сәйкес, елдің 84 сайлау округінде 3 миллион 613 мың 851 сайлаушы тіркелген. 150 депутаттың 77-сі пропорционалды жүйемен, яғни партиялық тізім бойынша сайланады. Партиялық орындар үшін екі сайлау блогы және 14 партия бақ таластыруда. Олар парламентке сайлаушылар дауысының бес пайызын иеленген жағдайда ғана өтеді.

Онымен қоса, тағы 73 парламентарий бір мандатты округтер бойынша өтеді. Мажоритарлық округтер бойынша сондай-ақ тек қана партиялардан түскен кандидаттар сайланатын болады. Зугдиди қаласында тіркелген жалғыз тәуелсіз кандидат жұма күні өзінің кандидатурасын алып тастады.