Грузияда шахтада жарылыс болып, 10 адам зардап шекті

ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат – Жарылыс бірнеше уақыт бұрын Ткибулиде (Имерети өңірі) Миндели көмір кен орнында болған. Бұл туралы ҚазАқпарат Новости-Грузия сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Грузияда шахтада жарылыс болып, 10 адам зардап шекті

Алдын ала мәлімет бойынша, ондаған кенші зардап шеккен, оның екеуінің жағдайы ауыр. «Формула» телеарнасы «Бірлескен ұлттық қозғалыс» партиясының өкілдігіне сілтеме жасай отырып жеті адамның зардап шеккенін хабарлады.

«Сакнахшири» оператор компаниясы журналистерге оқиғаның болғанын және бірнеше адамның зардап шеккенін растады. Қазіргі уақытта компания өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бүгінде Ткибулиде екі шахта – Миндели и Дзидзигури істеп тұр. Қалған 25 карьер 2018 жылдың шілдесінен бері тоқтап тұр. Ол кезде бірнеше рет апат болып, 12 жұмысшы қаза болған еді.
Ткибулидегі кен орны «Сакнахшири» (Грузуголь)компаниясына ұарайды. Онда 1,2 мың адам жұмыс істейді, оның жартысы жер астында көмір өндіреді.