Грузияда сотталушыларға көрсетілген зорлық-зомбылықтар ЕО-ны шошытып отыр
БРЮССЕЛЬ. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Грузияда сотталушыларға көрсетілген зорлық-зомбылықтар Еуроодақты шошытып отыр. ЕО осындай өзге де фактілерді тексеріп, кінәлілерді жазалауға шақырды.
Мұндай мәлімдемені Грузиядағы Глданск түрмесінде сотталушыларды жәбірлеу фактілеріне қатысты дау-дамайға пікір білдірген ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон жасады, деп хабарланды еуропалық шенеуніктің баспасөз қызметінен.
«Жоғарғы өкіл Глданск түрмесіндегі сотталушыларға көрсетілген зорлық-зомбылық кадрларын көріп, қатты күйзелді. Ол барлық елдер азаптау мен күш қоданудың кез келген түріне салынған тыйымдарды ұстануы тиістігін еске салады. Ол үкімет (Грузия) бұл мәселіні шешуде алғашқы қадамдар жасағандығын атап өтті және осы және өзге де оқиғаларды мұқият тексеріп, кінәлілерді жазалау керектігін қадап айтады», - деді К. Эштон.
ҚазАқпарат бұған дейін хабарлағандай, жақында оппозициялық арналар сотталушыларға көрсетілген зорлық-зомбылық кадрларын таратқаннан кейін бүкіл Грузия бойынша наразылық акциялары өтті. Грузияның Президенті сотталушыларға жәбір көрсеткендердің барлығын жазалуға уәде берді.