Грузияда су тасқынының салдарын жою жұмыстары қолға алынды

БАКУ-ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат - Грузияда су тасқыны орын алды, ондаған отбасы қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады Грузияның ІІМ-нің Төтенше жағдайлар департаментінен.

Грузияда су тасқынының салдарын жою жұмыстары қолға алынды

Қазір Батыс Грузиядағы Озургетск ауданының Шекветили ауылында ондаған отбасылар көшірілді. Атап өтілгендей, 24 қыркүйек күні таңертең Аджарияның жағалауында бес баллдық дауыл тіркелді. Ол Батумидің жағалаудағы аудандарын сел басу қаупін туғызды. Табиғи апатпен күресу үшін арнайы құтқару қызметтері жұмылдырылған. Жағдайды қатты дауыл қиындатып отыр. Сондай-ақ курортты Батумидің бірқатар аудандарында электр энергиясын беруде кідірістер туындаған. Қазіргі уақытта аталған ауданда жиналған суды ағызып жіберуге әзірлік және электр энергиясын беруді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.