Грузияда тұратын ғаламшардың ең кәрі тұрғыны 133-ке қараған шағында көз жұмды

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Грузияның батысындағы Цаледжих ауданындағы Сачино ауылында тұратын елдің, мүмкін бүкіл әлемнің ең кәрі тұрғыны Антиса Хвичава бақилық болды.
None
None

Биылғы жылдың шілдесінде ол 132-ге толды. Антиса Хвичава туған ауылында жерленді. Ол 1880 жылдың 8 шілдесінде дүниеге келіп, бүкіл өмірін туған Сачиносында өткізді. Антисаның 12 немересі, 18 шөбересі және 4 неменесі бар.

 Биылғы жылдың шілдесінде, өзінің 132 жасқа толуын атап өткен Антиса Хвичава журналистермен өзінің ұзақ жасауының құпиясымен бөлісті. «Көптеген жылдар бойы әрбір таңда таңғы астан кейін және жұмыстың алдында мен 50 грамм жүзім шарабын ішетінмін, бұл маған ерекше сергектік берді», - деді ол. Бұдан басқа Антиса әрқашан қозғалыста болды, үйінде және  ауласында тыңбастан еңбек етіп жүрді.

Соңғы жаңалықтар