Грузияда V ғасырдағы храмда 1200 жыл бұрын су құйылған ыдыс табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кварелиде (грузиялық Кахети аймағы) V ғасырдың храмы аумағында жүргізілген археологиялық қазбаларда шамамен 1200 жылдық таза су толтырылған ыдыс (шарап жасауға арналған ыдыс) табылды.
None
None

Мамандар бұл VIII ғасырдың ыдысы және ол қасиетті су сақталатын храмның орталығында болған, дейді археологиялық экспедицияның басшысы Нодар Бахтадзе.

Зертханалық зерттеу барысында табылған су таза және ішуге жарамды екені анықталды. Зертханада судан бактериялар табылмады, иісі мен дәмі өзгермеген. Сондай-ақ, ол жаңбыр суы да емес, деп жазды грузиялық Кахетинский ақпараттық орталығынан.

Бахтадзе өзі судың дәмін татып көрді. Сонымен қатар патриархия өкілдері судың бір бөлігін алып кетті. Олар бұл су қасиетті болғандықтан сақталды деген сенімде.

Соңғы жаңалықтар