17:29, 27 Маусым 2016 | GMT +5
Грузияда жалпыға ортақ міндет - әскерге шақыртуды алып тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузия қорғаныс министрі Тинатин Хидашели елде әскерге міндетті шақыртуды дереу жою туралы бұйрыққа қол қойды.

«Грузия қарулы күштерінде қызмет ету - лайықты қызмет және онда қызмет етуге әр азаматтың тілегі болуы шарт. Ал барғысы келмейтіндерді мәжбүрлемейміз», - деді министр.
Журналистермен кездесуде Хидашели грузин парламенті келісімшарттық әскери қызметке көшу туралы заң қабылдамаса да, оның қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін тиісті жарлық шығаруға құқығы бар екенін атап өтті, деп хабарлады Би-Би-Си агенттігі.
Сонымен қатар, ол өз орнына келген басқа министр бұл шешімді өзгерте алатынын да айтты.
Фото: © AP Photo/ Shakh Aivazov