Грузияда жаппай халық санағы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузияда жаппай халық санағы басталды. Санақты БҰҰ Халық қоныстануы қоры және Швеция үкіметінің жәрдемімен Грузияның Ұлттық статистика ("Сакстати") қызметі соңғы 12 жылда алғаш рет өткізіп отыр.

Грузияда жаппай халық санағы басталды

"Сакстати" хабарлағандай, халық санағы 19 қарашаға дейін созылады. 15 күн ішінде 10 мыңнан астам арнайы даярлықтан өткен еріктілер үй-үйлерді аралап, ел ауқымындағы әр отбасы және оның әр мүшесі жайлы ақпаратты жинайды. Ведомствода «ел аумағында тұратын Грузияның әр азаматы, барлық шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар да санаққа қатысуға міндетті» екені атап өтілген.

2014 жылғы халық санағы Грузияда БҰҰ Халық қоныстануы қорымен әріптестік аясында әзірленген ел өңірлерінің электрондық картасын (жаңа технология) пайдаланып, өткізуде.