Грузияда жас Сталин туралы фильм түсіріледі

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Ресейлік режиссер Алексей Балабанов жас Сталин туралы фильм түсіреді. Оның түсірілімі Грузияда өтеді, деп хабарлайды Утро. ру.

Грузияда жас Сталин туралы фильм түсіріледі

Ресейлік продюсер Сергей Сельяновтың мәлімдеуінше, фильм «Сталиннің бандиттік жастық шағы» туралы баяндайды. Жаңа картинаның анонсы Ресей және Достастық елдері киносының Тбилисиде өткен үшінші фестивалінде жасалды.