Грузиядағы наразылық акциясы кезінде тағы 24 адамды ұстады

ТБИЛИСИ. KAZINFORM – Тбилиси орталығында кешегі наразылық акциясы кезінде тағы 24 адам ұсталды. Бұл туралы Грузияның ішкі істер министрлігі хабарлады, деп жазады Report-тың Грузиялық бюросы.

Грузия наразылық
Фото: Report

Осылайша, ел астанасында төрт күн ішінде ұсақ бұзақылық пен полицияға бағынбағаны үшін әкімшілік қамауға алынғандар саны 224-ке жетті.

Қылмыстық істі тергеу аясында тағы екі адам ұсталған. Тергеу анықтағандай, 29 қарашада олардың бірі парламент ғимаратына тұтандырғыш зат лақтырып, үй-жайлардың бірінде өрт шыққан, екіншісі полицейді пиротехникалық заттармен жарақаттаған.

Ұсталғандар 17 жаста және 21 жаста. Соңғысы бұрын бірнеше рет сотталған. Олар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Грузиялық БАҚ оппозициялық «Гирчи – көбірек бостандық» партиясының төрағасы Зураб Джапаридзенің ұсталғанын хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Тбилисидегі шерудің үшінші күнінде 44 адам жарақат алғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар