Грузиядағы парламенттік сайлауда оппозиция әзірше алда келеді

Алғашқы ақпараттарға сәйкес, 54,61 пайызбен «Бидзина Иванишвили - Грузия арманы» оппозициялық коалициясы көшбасшылығын сақтап тұр.
40,44 пайызбен «Бірыңғай ұлттық қозғалыс - халыққа барынша пайда» басқарушы партиясы екінші орында келеді. Одан кейін 2,07 пайыздық көрсеткішпен - «Гиорги Таргамадзе христиан-демократиялық қозғалысы», 1,31 пайызбен - «Шалва Нателашвили - Грузияның лейбористік партиясы», 0,47 пайызбен - «Жаңа құқықтар», 0,12 пайызбен - «Джонди Багатурия Картули даси» және 0,02 пайызбен «Халықтық қозғалыс» келеді.
Айта кетейік, 3 766 учаскенің 418-інің ғана мәліметтері саналды.
Мажоритарлық округтарда әзірге биліктің партиясы алда келеді.
«Парламенттік сайлауда Грузия сайлаушыларының белсенділігі 61 пайызды құрады», - деді Грузия ОСК-нің қорытынды брифингінде баспасөз-спикер Эка Азарашвили.
Ол сайлау ашық әрі айтарлықтай бұзушылықтарсыз өткендігін мәлім етті.
Грузияда сайлауға 14 партия мен екі саяси блок қатысты.