Грузияға $225 мыңның алтынын шұлығына салып алып кірмек болған шетелдік ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — Грузия-Армения шекарасындағы «Садахло» кеден бекетінде заңсыз алтын өткізу әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің аймақтағы меншікті тілшісі News Georgia басылымына сілтеме жасап.

Грузияға $225 мыңның алтынын шұлығына салып алып кірмек болған шетелдік ұсталды
Фото: newsgeorgia.ge

Грузия Қаржы министрлігінің Кірістер қызметінің мәліметі бойынша, шетел азаматы шұлығы мен аяқ киіміне жасырып, жалпы салмағы 1707 грамм болатын әртүрлі өлшемдегі алтын құймаларын заңсыз алып кірмек болған.

Экспертиза тәркіленген алтынның кедендік құны 576 585 лари немесе шамамен 225 000 доллар болатынын анықтады.

Іс материалдары тергеу амалдарын жүргізу және заңды шаралар қолдану үшін құзыретті органдарға берілді. 

Еске сала кетейік, Грузияда халықаралық турнирлер өткізетін казинолар ашылмақ.