Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Грузиялық әнші қыз «Еуровидение-2016» балалар байқауында жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузияның 10 жастағы әншісі Мариам Мамадашвили «Еуровидение-2016» балалар байқауында бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

Грузиялық әнші қыз «Еуровидение-2016» балалар байқауында жеңіске жетті

Мальтада өткен додада М.Мамадашвили Mzeo («Күн») әнін орындады.

14-інші жыл сайынғы байқауға 17 елден 9-14 жас аралығындағы балалар қатысты.

Екінші орынға Армениядан келген Анаит Адамян мен Мэри Варданян орналасты. Үшінші жүлде италиялық Фиамма Боччаға бұйырды.

Бұған дейін Грузия «Еуровидение-2016» балалар байқауында екі рет жеңіс тұғырынан көрінген болатын.