Грузияның ОСК сайлауды бұрмалау туралы айыптауларды тергеуге шақырды

АСТАНА. KAZINFORM – Грузияның Орталық сайлау комиссиясы прокуратураға президент Саломе Зурабишвили тарапынан тағылған айыптардың негізділігін анықтау өтінішін берді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Сайлау
Фото: ТАСС

«Грузия Президентінің, саясаткерлердің немесе кез келген мүдделі тұлғаның мәлімдемесі, сондай-ақ сайлауды бұрмалау туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келетінін анықтау үшін сайлау әкімшілігінің құзыретінен тыс күрделі және объективті тергеу жүргізу қажет», - делінген хабарламада.

ОСК ақпаратынша, парламенттік сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы шабуылдар мен негізсіз сын нысанасына айналған.

«Грузия президенті Саломе Зурабишвили, сондай-ақ сайлауға қатысатын кейбір саяси партиялардың өкілдері ОСК-ға негізсіз шабуыл жасап, дәйексіз айыптаулар арқылы ведомство беделіне нұқсан келтіруге тырысып отыр», - деп мәлімдеді ОСК.

ОСК сайлау процесіне енгізілген Smartmatic компаниясының технологиясы сайлаушылар тізіміндегі сайлаушылар есімдерінің қайталануын болдырмайтынын еске салды және бұған процесті бақылаған барлық халықаралық және жергілікті мониторинг ұйымдары көз жеткізді. 

«ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро және басқа да халықаралық ұйымдардың байқау миссиялары өздерінің мәлімдемелері мен бағалауында сайлаудың білікті және кәсіби деңгейде өткенін растады. Алайда президент жағдайды басқаша көрсетуге тырысып отыр», - деп атап өтті ведомствода. 

ОСК тергеумен ынтымақтасуға және тергеу үшін қажетті ақпарат беруге дайын екенін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, биліктегі «Грузин арманы – демократиялық Грузия» партиясы парламенттік сайлауда 56,1% дауыс жинады

Соңғы жаңалықтар