16:06, 30 Қараша 2011 | GMT +5
Грузияны қалың қар басты
АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Грузияның шығысы мен батысын қосып тұрған орталық көлік жолындағы Рикотск асуында қардың толассыз жаууынан көліктердің қозғалысы тоқтатылды.

Грузия елі үшін осы қараша айы соңғы 20 жыл ішіндегі ең суық және қарлы мезгіл болды. Айдың басынан бастап Түркия аудандарымен шекаралас Грузия жерлерін қалың қар басып қалды, қар жамылғысы жарты метрді құрайды. Қардың толассыз жаууынан бірнеше рет Ресей шекарасына апаратын әскери-грузия жолында көлік қозғалысы тоқтатылды.