Грузияның бас прокуроры бұрын істі болғаны анықталғаннан кейін отставкаға кетті

АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Грузияның бас прокуроры Отар Парцхаладзе отставкаға кетуге арыз берді,
None
None

деп хабарлады РИА Новости.

Парцхаладзенің мұндай шешім қабылдауына қоғамда оның биографиясына қатысты сұрақтардың пайда болуы себеп болған.

Грузия прокуратурасының басшысы қоғамның пікірін ескеруді өз міндеті деп санайтынын және оған құрметпен қарап, өз орнынан кетуге керек деп шешкенін атап өтті.

24 желтоқсан күні Тбилиси мэрі Гиги Угулава Парцхаладзенің 2001 жылы Германияда ұрлық пен қарақшылық жасағаны үшін істі болғанын, соған байланысты 2016 жылға дейін оның мемлекеттік қызметте отыруына құқығы шектелгенін мәлімдеді. Грузияның бас прокуроры Германияда істі болғанын мойындады. Ол полиция қызметкерлерімен қақтығысқаны үшін жауапқа тартылғанын айтты. Ал ауыр қылмыс жасады деген әңгіменің шығуын өзіне қарсы әдейі ұйымдастырылып отырған саяси науқан деп атап отыр.

Отар Парцхаладзе Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвилидің жарлығымен 2013 жылдың қарашасында бас прокурор болған еді.

Соңғы жаңалықтар