Грузияның Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузия президенті Георгий Маргвелашвили Канада, Қазақстан және Корея республикасына жаңа елшілерді тағайындады.
Зураб Абашидзе Қазақстандағы Грузия елшісі лауазымына қызметке келді.
2001-2015 жылдары Швеция мен Финляндияда Грузия елшісі болған Константин Кавтарадзе Канададағы елші және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды. Бразилиядағы елші қызметін атқарған Отар Бердзенишвили Корея республикасындағы Грузия елшісі атанды, деп жазды civil.ge .
«Үшеуі де тәжірибелі кадрлар. Бұл қадамның аталған мемлекеттермен екіжақты қарым-қатынастың дамуына және Грузияның танымалдылығын арттыруға септігін тигізеріне сенімдіміз», - деп мәлімдеді сыртқы қатынастар бойынша президент хатшысы Тенгиз Пхаладзе 30 қаңтар күні президент үш жаңа елшіні қабылдаған соң.