Грузияның оңтүстігін қалың бұршақ басып қалды

АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - Бүгін Грузияда елдің оңтүстігінде жауған жауын-шашынның мөлшері айлық нормадан асты,

Грузияның оңтүстігін қалың бұршақ басып қалды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Аудан орталығы Ахалцихеде үйлердің шатырлары бүлінген. Ал бұршақ ерігеннен кейін ондаған үйлер су астында қалған. Қаланың көшелері кемерінен асқан өзендерді еске түсіреді.