Грузияның таулы аймағында көшкін жүріп, 70 адам эвакуацияланды

None
Фото: sandid/Pixabay
БАКУ. ҚазАқпарат – Грузиялық құтқарушылар Рача биік таулы аймағында орналасқан «Сансет Шови» қонақ үйінің аумағынан 70 адамды құтқарып үлгерді, мұнда бейсенбі күні көшкін болған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend-ке сілтеме жасап.

Шекара полициясының тікұшақтары әуеге үш рет көтерілді, құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Апат болған аймаққа 400 құтқарушы тартылды. Сондай-ақ, ІІМ басшысының орынбасарлары Иосиф Челидзе мен Георгий Бутхузи, ІІМ ТЖБ басшысы Теймураз Мгебришвили жұмыс басында жүр.


Соңғы жаңалықтар
telegram