GSM Қазақстан/Kcell компаниясы үшінші буын желілерін құру үшін ондаған миллион АҚШ долларын жұмсауға дайын - Вейсел Арал

АЛМАТЫ. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - GSM Қазақстан/Kcell компаниясы 3G технологиясын ендіруді ҚР Салық кодексіне өзгерістер енгізумен қатар жүргізу қажет деп санайды. Оны компанияның Бас атқарушы директоры Вейсел Арал бүгін Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде мәлімдеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ағымдағы айдың басында ҚР Үкіметінің өкілдері 3G лицензиясының жыл сайынғы ақысын қайта қарастыру үшін ҚР Салық кодексіне өзгеріс енгізу қажеттігін айтқан болатын. GSM Қазақстан/Kcell компаниясының пікірінше, ағымдағы салық заңнамасы 3G лицензиясына алғашқы жыл сайынғы төлемді орнатуға мүмкіндік береді.

«Бүгінгі таңда компаниямыз үшінші буын желілерін құру үшін ондаған миллион АҚШ долларын жұмсауға дайын. Сондықтан жыл сайынғы төлем мөлшерінің мәселесі ел экономикасына енгізілген инвестицияларға кедергі болмауы тиіс. GSM Қазақстан/Kcell компаниясы Салық кодексіне өзгерістерді 3G енгізумен және пайдалануды бастаумен қатар жүргізуді ұсынады. Сонымен қатар, компания жыл сайынғы төлем мөлшерінің қажетті деңгейге дейін өсуіне қарсы емес», деді Вейсел Арал.

2010 жылдың 4-ші маусымында өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің мәжілісінде TeliaSonera компаниясы президенті Ларс Ниберг 3G технологиясын дамытудың кешенді мәселелері жөнінде сөз қозғаған еді. Онда Елбасы еліміздегі телекоммуникация нарығын дамытуға мүдделі екендігін айтты. Сонымен қатар, үкіметтің GSM операторларына Қазақстанда 3G желілерін жылдам ендіруіне қолдау көрсету қажеттігін мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар