GSM Қазақстан/Kcell телекоммуникация саласының алдағы даму бағыттары жайлы зерттеудің нәтижелерімен таныстырды

АЛМАТЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Мобильді телефон несие картасының, есік кілтінің, тұрмыстық аспаптарды басқару тетігінің және дабылнаманың қызметтерін атқармақ,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

GSM Казахстан/Kcell корпорация басқармасының директоры Аида Досаеваның айтуынша, олардың корпорациясының 51 пайызы TeliaSonera компаниясына тиесілі. TeliaSonera компаниялар тобының нарық трендтерінің зерттеулері 2006 жылдан бері жүргізіліп, жыл сайын Trend Report есебінде жария етіледі. Енді бұл жобаға Қазақстан да қосылды. Зерттеу United Minds ұйымымен 2009 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында жеке заңды тұлғалар арасында Қазақстан, Швеция, Финляндия, Норвегия, Дания және Литвада жүргізілген. Қазақстандағы интернет-сауалнамаға 1050 жеке тұлға мен 502 ұйымның қызметкерлері қатысқан.

Заманауи байланыс тәсілдері қазақстандықтардың өмірін жеңілдетеді, респонденттердің 98 пайызы осындай пікір білдірген, 91,2 пайызы телекоммуникация құралдары жалғыздық сезімінен арылуға мүмкіндік береді деп куәландырған. Бұдан бөлек, сауалнама Қазақстандағы интернет тұтынушыларының 64,3 пайызы ғаламдық желіге мобильді көмегімен шығатынын көрсеткен, оның ішінде 31,3 пайызы мұны аптасына бірнеше рет, ал 11 пайызы күнде кіретіндігін айтқан.

«Технологиялардың дамуы - шексіз үдеріс және болашақта телекоммуникациялар қызметтері күмәнсіз кеңейе бермек. Бұған едәуір деңгейде Қазақстан 3G, ал кейіннен LTE технологияларын ендіру себеп болмақ», дейді А.Досаева.

Соңғы жаңалықтар