GSM ұялы байланыс операторы қасиетті Рамазан айында жаңа смс хабар беру қызметін іске қосты

АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - GSM ұялы байланыс операторы қасиетті Рамазан айында жаңа смс хабар беру қызметін іске қосты.
None
None

Рамазан айы мұсылмандар үшін ең қасиетті ай. Бұл айда Ислам талап ететін міндеттер қатаң қадағалануы тиіс. Сондықтан да өзін мұсылманмын деп есептейтін әрбір азамат бұл айда отыз күн Ораза тұтып, Жаратқанға құлшылық етеді. Осыған қарай Kcell мен Activ қызмет көрсету жүйесін пайдаланатын азаматтарға жаңа смс хабар тарату қызметін пайдалана отырып, Ораза айында атқарылуы тиіс міндеттер жөніндегі ақпараттарды алуға мүмкіндік туып отыр. Аталмыш жүйеге қосылған азаматтар сағат 12-00-де намаз уақытының тәртібі туралы ақпарат алып, 12-ден 15 минөт өткенде Құран аяттары мен құрбан шалу, Ораза ұстау тәртібінен хабардар болып отырады.

Аталмыш қызмет түрін Астана мен Алматы қалаларының және облыс орталықтарының тұрғындары пайдалана алады. Жүйеге қосылу үшін 4010* нөміріне кирилица немесе латын қарпімен өзі тұрып жатқан қаланың аты жазылған смс хабарды жіберу қажет. Жүйеге қосылудың бірмезгілдік ақысы қосымша құн салығын қоса есептегенде 400 теңге тұрады. Аталмыш жүйеге қосылуға қатысты өзге де мәліметтерді www.kcell.kz корпоративті сайтынан немесе 8 (727) 263 5790 телефоны арқылы білуге болады.

Соңғы жаңалықтар