«ГТА бандасының» ісіне қатысты Мәскеу облыстық сотының отырысында атыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қызметкерлер мен келушілер ғимаратқа қайта кірді. Шабуылдаған үш адам өлтіріліп, екеуі ұсталды, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі.
None
None

Мәскеу облыстық сотында «ГТА бандасы» ісі бойынша процесте  атыс болды. Сотталушылардың бірі лифтіде айдауылға шабуылдамақшы болған.

Адвокаттарға сілтеме жасап, жараланғандар бар екенін хабарлады, олардың ішінде сот қызметкерлері мен приставтар да бар. Заңгердің айтуынша, ол кемінде   жиырма рет оқ атылғанын естіген.  ТАСС конвой қызметкері мен приставтың жараланғанын растады.

Соттың баспасөз хатшысы Наталья Осипова сот ғимаратында эвакуация жүргенін де растады. Отырыс белгілі бір мерзімге кейінге қалдырылды. Әзірге себебі расталған жоқ.

«Интерфакс» дереккөзі шабуылдаған бес адамның үшеуі өлтіріліп, екеуі ұсталғанын айтты. «Мұның алдында олар қарумен конвойға шабуылдаған», - деп жазды агенттік.

«Лента.ру»  дереккөзі үш айыпталушының қаза тапқанын растады.   Сотталушылардың бұрынғы адвокаты айыпталушылардың төртеуі қаза болғанын хабарлады.   

Соттың баспасөз хатшысы Наталья Осипова эвакуацияланған адамдар ғимаратқа қайта кіргенін мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар