Гуам аралында жапон саяхатшыларына шабуыл жасалды

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Тынық мұхитының Гуам аралында жапон саяхатшыларына шабуыл жасалды,
None
None

деп хабарлайды 24.kz.

Тумон қаласында 21 жастағы азамат автокөлігімен жаяу жүргіншілер жолында шетел азаматтарын қағып өткен. Артынша көлігінен шыққан ол 2 әйелді пышақтап өлтіріп, 14 жапондықты жаралаған. Оның екеуі - сәби.

Куәгерлердің айтуынша, қанды оқиғаны көрген саяхатшылар жан-жаққа қашқан. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, жалпы аралда саяхатшылардың 90%-ын Жапония азаматтары құрайды. Енді жергілікті билік бұл оқиға аралдың экономикасына да кері әсерін тигізеді деп отыр.

Соңғы жаңалықтар