Гуанчжоуда Азия параолимпиада ойындары басталды
БЕЙЖІҢ-ГУАНЧЖОУ. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Жексенбі, 12 желтоқсан күні Қытайдың Гуанчжоу қаласында Азия параолимпиадалық ойындарының ашылу рәсімі өтті.
12-17 желтоқсан аралығында өтетін байрақты бәсекеге Азияның таңдаулы мүгедек спортшылары қатысуда. Азиялық параолимпиадалық ойындар 1975-2006 жылдар аралығында Азияның түрлі қалаларында тоғыз рет өткен. Мүгедектерге арналған бұл жарыс Қиыр Шығыс және Оңтүстік-Тынық мұхиты елдері ойындарының( FESPIC) негізінде құрылған болатын. Биылғы параолимпиадалық ойынның ерекшелігі сол, ол 12-27 қарашада Азиялық ойындар болған Гуанчжоуда өтіп отыр.
Азиялық параолимпиадалық ойындарға спорттың 19 түрі кірген.