Гуанчжоудағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы бейресми жалпыкомандалық есепте 8-ші орында тұр
ЖІҢ-ГУАНЧЖОУ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қазақстан құрамасы Гуанчжоуда өтіп жатқан XVI Азия ойындарында жүлделік есеп бойынша екі сатыға жоғарылап, 8-орынға шықты. Қазақстан құрамасының жүлделер қоржынында үш күміс және жеті қола медаль бар.
Бүгін оқ ату сайысы бойынша дара санаттағы күміс медальды Юрий Мельситов пен Ольга Довгун тағынды. Командалық есепте Юрий Мельситов, Игорь Перикеев және Александр Ермаков Қазақстан құрамасына жетінші қола медаль әкелді.
Өткен сенбі, 13 қараша күні ерлер арасындағы 100 келіге дейінгі ауыр атлетика сайысында Максим Раков, 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әйелдер сайысы арасында Ғалия Өлментаева және 78 келіден жоғары салмақта Гүлжан Иссанова қола медальдарды жеңіп алды.
Жексенбі, 14 қараша күні ауыр атлеттар арасында 53 келі салмаққа дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медальға қазақстандық спортшы Зульфия Чиншанло ие болды. Дзюдо бойынша Ислам Бозбаев, триатлон сайысында Дмитрий Гааг және спорт билері бойынша Қазақстан командасы елімізге қола медальдармен оралатын болды.
Жалпыкомандалық бейресми есепте Қытай құрамасы алда келеді, олардың еншісінде 70 жүлде, оның 40-ы алтын. Екінші және үшінші орындарда Оңтүстік Корея мен Жапония елдері тұр.
XVI Азия ойындары 27 қарашаға дейін жалғасады.