Гуантанамо түрмесінде 13 жыл отырған кувейттік азамат босатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кубадағы американдық Гуантанамо түрмесінде 13 жылдай уақыт отырған Кувейт азаматы босатылды.
Фаузи Ода Гуантанамо тарихындағы ең ұзақ мерзім арқалаған жазасын өтеуші. Енді ол кем дегенде бір жылын Кувейттегі әскери оңалту орталығында өткізуі керек.
Пәкістанда ұсталған Фаузи Одаға АҚШ билігі «Аль-Каидамен» байланысы бар деген айып тақты.
АҚШ Президенті Барак Обама Гуантанамо түрмесін жабуға бірнеше рет рұқсат бергенімен, онда қамауда отырғандар әлі де баршылық.