Гуантанамо түрмесінде нағыз лаңкестер бар ? Р.Хоугланд

АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Гуантанамо түрмесінде нағыз террористер бар. Бұл АҚШ президенті Барак Обамаға оны жабуға кедергі келтіріп отыр. Бұл туралы бүгінгі брифингте журналистердің сауалдарына жауап берген АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ричард Хоугланд айтты,

Гуантанамо түрмесінде нағыз лаңкестер бар ? Р.Хоугланд
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Б.Обаманың сайлауалды бағдарламасында Гуантанамо түрмесін жабуға сөз бергендігі туралы еске салған елші: «Мен білемін, Обаманың түпкі мақсаты ? Гуантанамо түрмесін жабу. Бірақ бүгінгі таңда бір түйінді мәселе туындап отыр. Гуантанамо түрмесінде нағыз террористер бар. Түрмені жапқан жағдайда оларды басқа жерге көшіруге тура келеді. Ал қазірдің өзінде бірқатар штаттардың губернаторлары ол жердегі лаңкестерді өз аймақтарындағы түрмелерге орналастыруға қарсылық білдіруде», - дейді Р.Хоугланд.