Гуантанамо түрмесінің 50-ден астам тұтқыны сотқа тартылады - АҚШ Әділет министрлігі

ВАШИНГТОН. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат - АҚШ - Гуантанамодағы арнайы түрмеде отырған тұтқындардың жартысының тағдырын анықтап, олардың ширек бөлігі сотқа тартылады деп шешім қабылдады.

Гуантанамо түрмесінің  50-ден  астам тұтқыны    сотқа тартылады -   АҚШ   Әділет  министрлігі
Бұл туралы АҚШ-тың Әділет министрі Эрик Холдер АҚШ Конгресінің сенаттық заң комитетінде сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Америка өкіметі түрмеде отырған 56 тұтқынның ісі, олардың жасаған қылмыстарына қарай, әскери немесе азаматтық соттарда қаралады деп шешіп отыр. Президент Обама қызметіне кірісе салып, Гуантанамодағы лагерьді келесі жылдың қаңтар айына дейін жабуға нұсқау берген болатын. Қазір түрмеде 229 тұтқын отыр.