Гуантанамодағы әскери түрме жабылады - АҚШ Қорғаныс министрлігі

None
None
ВАШИНГТОН. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат - Пентагонның мәлімдеуінше, Гуантанамодағы әскери түрме 2010 жылдың қаңтарына дейін жабылуы мүмкін.
Бұл туралы ведомствоның баспасөз хатшысы Джефф Моррель хабарлады. Оның айтуынша, Президент Барак Обама өз қызметіне кіріскеннен кейін қаңтар айында Гуантанамодағы түрмені бір жылдың ішінде жабу туралы жарлыққа қол қойған болатын. «Бұл мерзімге сыймайтындай ешқандай себеп көріп отырған жоқпын», - дейді Моррель. Ал оппозициялық Республикалық партияның Конгрестегі мүшелері болса, түрмені жабудың мерзімін кейінге ысыруға шақыруда. Олар Президент Обаманы өз жоспарын қайта қарауға үндеп отыр.
Соңғы жаңалықтар