Guardian Facebook әлеуметтік желісіндегі цензура тәртібі туралы хабарлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook модераторлары қолданушылардың парақшаларын пайдалануына байланысты 100-ге жуық нұсқаулықты орындауына тура келеді. Әлеуметтік желі жұмысшыларының әрбір жағдайға қатысты шешім қабылдауына 10 секундқа жуық уақыт бөлінген, деп хабарлайды РБК.

Guardian Facebook әлеуметтік желісіндегі цензура тәртібі туралы хабарлады

Парақшаны үлгілеу бойынша Facebook-тің ішкі ережелері Guardian газетінде жарияланды.

Басылым  желі қолданушылары парақшаларында жариялауға шектеу қоятын 100-ден астам нұсқаулықтармен танысқандығын хабарлайды. Олардың қатарында өшпенділік тудыратын, лаңкестік, порнография, нәсілшілдік, сонымен қатар, рақымсыздық пен спорттық жарыс матчтарының шарттары жайлы ақпараттарды жариялауға шектеу қойылған.