Guardian ханзада Чарльздің министрлерге жазған хаттарын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британияның Guardian газетінде ханзада Чарльздің Британ үкіметінің кейбір мүшелеріне жазған жеке хаттарын жарияланды, деп жазады "ВВС" агенттігі.

Guardian ханзада Чарльздің министрлерге жазған хаттарын жариялады

Басылым 2004-2005 жылдары жіберілген 27 хатты жариялаған. Ханзаданы бизнес, денсаулық сақтау, инновациялар мәселелері, балалық шақ, мектеп және отбасы жөніндегі министрліктің, қоршаған орта, мәдениет, БАҚ және спорт, сондай-ақ Солтүстік Ирландия және үкімет аппаратының жұмысы қызықтырды.

Мәселен, ханзада Чарльздің премьер-министрге жазған хаттарының бірінде ол қарулы күштердің Ирактағы қарулы іс-қимылдарға «қажетті ресурстарсыз» қатысуға мәжбүр екенін жазған.

Хаттарды жариялау ұзаққа созылған сот қарауынан кейін ғана мүмкін болды, соның барысында Жоғарғы сот үкіметтің хаттардың мазмұнын құпия етіп сақтау өтінішін қабылдамаған.

Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон сот шешіміне наразылық білдіріп отырғанын жеткізді.