«Гүл әпше» 30-шы жылдардағы румын әнінің көшірмесі болып шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баян Есентаеваның продюсерлік орталығынан түлеп ұшқан «Алау» тобы «Гүл әпше» бейнебаянын ұсына салысымен басы дауға қалды, деп жазады baistars.kz
Басында көпшілік әннің мағынасыздығы мен тойға арналғандығын айтқан болатын. Ал, әннің плагиаттық екені анықталғанда, көрермен "жерден алып, жерге салды".
Бұл ұқсастықты ең бірінші Gakku телеарнасы байқаған.
Сөйтсе, бұл әнді 30-шы жылдары әнші Мария Лэтэрэцу шырқап кеткен екен.