«Гүлдер» ансамблі Түркиядағы Наурыз фестивалінде өнер көрсетті

ансамблі
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Гүлдер» ансамблі Түркияның Амасия қаласында өткен Наурыз фестивалінде өнер көрсетті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Фестиваль түркі елдерінің рухани мұрасын насихаттауға бағытталған. Жыл сайын өтетін фестиваль биыл 4 күнге созылды.

гүлдер
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстаннан келген қатысушылар «Наурыз» атты басты мерекелік іс-шарада өнер көрсетті. «Гүлдер» ансамблінің үш солисі фестивальдың концерттік бағдарламасында бірнеше хореографиялық композиция ұсынды. Олардың арасында Анвара Садықова мен Алмат Шәмшиев көрерменнің көңілінен шыққан «Қара жорға», «Алтынай», «Көңіл толқыны», «Мен қазақтың қызымын», «Жетісуым», «Тоқымқағар», «Ермек» би композицияларын қойды.

Ұжым мүшелері аталған композицияларды жеке, дуэт және триомен орындады. Сондай-ақ фестиваль аясында «Гүлдер» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықова фестиваль қатысушылары мен жергілікті әртістер үшін қазақ биі бойынша шеберлік сабағын өткізді.

 

Соңғы жаңалықтар