Гүлмира Исаева ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков министрлік ұжымына жаңа вице-министр - Гүлмира Исаеваны таныстырды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
None
None

Г. Исаева бұған дейін «ҚазАгроӨнім» АҚ-ның басқарушы директоры болды.

Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы 1969 жылы 23 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. 

Ол 1991 жылы «Ет және ет өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтын үздік тәмамдаған, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты (1996 ж.), Философия докторы (PhD, 2010 ж.).

Өзінің еңбек жолын 1991 жылдың тамызында Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтының оқытушысы қызметінен бастады.

1991-1994 жж. - Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында оқыды.

1994-1998 жж. - Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институтында әр түрлі қызметте болды.

1998-2000 жж. - «Еңбек» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің ет және ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша бас технолог болып жұмыс жасады.

1996-2001 жж. - Мыңбаев атындағы тәжірибелік шаруашылығының мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі ғылыми кеңесшісі, зоотехник-селекционері.

2001-2007 жж. - Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің мал шаруашылығы технологиясы факультеті деканының оқу ісі бойынша орынбасары, аға оқытушысы.

2007-2011 жж. - «Сrown Central Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Мал шаруашылығы және етті қайта өңдеу департаментінің директоры, коммерциялық директоры болды.

Соңғы жаңалықтар