Гүлмира Сатыбалды ісі: Сотта зардап шегуші Тұрсын Алагөзов жауап берді
«Осы іс бойынша Гүлмира Сатыбалдыға ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы 3-тармағында(қылмыстық құқық бұзушылық), 389-бабы 3-тармағында (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану арқылы жасалған құқық бұзушылық), 125-бабы 2-тармағы 1-8-тармақшасында (адамдар тобының алдын ала сөз байласып адам ұрлауы) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталады», - деді прокурор Азамат Сәрсембаев.
Сонымен қатар прокурор Мәди Батыршаевтың Қылмыстық кодекстің 389-бабы 3-тармағы, 125-бабы 2-тармағы 1,8-тармақшасы, ал Рашид Өтебековтің 125-баптың 2-тармағы 1-тармақшасы (адам ұрлау, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен) бойынша айыпталып отырғанын айтты.
Сот талқылауы түстен кейін де жалғасып жатыр. Зардап шегушілерден жауап алу басталды. Бірінші болып Тұрсын Алагөзов жауап береді.
Еске салсақ, Антикор Гүлмира Сатыбалды адам ұрлау фактісі бойынша тергеліп жатқаны туралы хабарлады.Өткен жылы 18 наурызда елорда соты Гүлмира Сатыбалдыны 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берген еді.
Гүлмира Сатыбалды Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі.