Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана сотының санкциясымен наурыз айында қамауға алынған Гүлмира Сатыбалдыны күзетпен ұстау мерзімі тағы ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы сотының ресми сайтына сілтеме жасап.

«2022 жылғы 9 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Г. Сатыбалдыға қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», - деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты

Еске сала кетейік, 18 наурыз күні Гүлмира Сатыбалды екі айға қамауға алынған болатын.

Содан соң Гүлмира Сатыбалды 747 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергелді. Сәуірде Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандары қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Артынша күдіктіні тұтқында ұстау мерзімі ұзартылған.




Соңғы жаңалықтар