Гүлнәр Каримованың ұлы анасының өлімі туралы әңгімелерді түсіндірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың немересі, өзінің анасы, Каримовтың үлкен қызы Гүлнар Каримованың өліміне қатысты ел арасында тарап кеткен әңгімелерге түсініктеме берді.
BBC қызметіне берген сұхбатында ол аталған ақпараттың жалғанын екенін айтты.
23 жасар Ислам Каримовтың айтуынша, оның анасы тірі. Алайда ол 2014 жылдан бері үйқамақта отыр. Ол сондай-ақ өзінің әкпесі Иман Каримованың үйқамақтан босатылғандығын, алайда оған елден сыртқа шығуға тыйым салынғандығын айтады.
Ал, кіші Кәрімов болса, Лондонда жүр, деп жазады Lenta.ru. 22 қараша күні Гүлнәр Каримованың өлімін Ташкенттегі дереккөздеріне сүйене отырып, бірнеше ақпарат агенттігі жоққа шығарды.
Бұрынғы президенттің қызының марқұм болғандығы жөніндегі ақпаратты Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің жасырын қызметкеріне сілтеме жасай отырып, «Центр-1» сайты хабарлады.
Агенттік таратқан мәлімет бойынша, Каримова 5 қараша күні уланып өлген және оны осы күні құпия түрде «Минор» қорғанына жерлеген.
Дереккөз жерлеу рәсіміне өзінің қатысқанын айтқан. Осыған қарай журналистер де ел билігіне бұрынғы президенттің қызының тағдыры туралы, оның қайда жүргенін білу мақсатында арнайы сұрау салған. Әзірге оған жауап жоқ.
Қазан айының басына Twitter-де марқұм болған президенттің қызының атына тіркелген жаңа аккаунт пайда болды. Алайда, журналистер оның Гүлнәрға тиесілі екендігіне күмән келтіріп отыр. Ал, онда жаңа түскен сурет ретінде жарияланған фотолар осыдан бірнеше жыл бұрын жарияланған.
Гүлнәр Каримова 1972 жылы туған және Өзбекстанда көптеген мемлекеттік лауазымды қызметтерді атқарған. 2013 жылы жемқорлықпен байланысты атышулы оқиғаның басты кейіпкерлерінің біріне айналды. Бұдан соң ол үйқамаққа алынған болатын.
Ол туралы шындыққа жанасатын нақты мәліметтерді Гүлнәрдің Davidson Ryan Dore пиар агенттігі арқылы құпия түрде жіберген суреттері мен аудиожазбаларын жариялаған батыстың бұқаралық ақпарат құралдары 2014 жылы жария етті. 2016 жылдың қыркүйегінде БАҚ өкілдері Гүлнәрдың әкесінің жерлеу рәсіміне қатыспағанын жазды. Сонымен қатар журналистер Каримовтың орнын басқан Шавкат Мирзиеевтің қаза болған азаматтың отбасына көңіл айтқан кезінде оның жесірі мен кіші қызы Лоланың ғана есімін атағандығына назар аударған.