«Гүлнәр тур» компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Гүлнәр тур» ЖШС туристік компаниясының қызметтерін пайдаланып жүрген азаматтардың құқығын уақытылы қалпына келтіру мақсатында Бостандық аудандық прокуратурасы аталған серіктестіктің жауапты тұлғаларының заңға қайшы іс-қимылдарының жолын кесуге бағытталған жұмыстарды жүргізді.

 «Гүлнәр тур» компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Нәтижесінде, биылғы 9 шілдеде М.К. Багиров және басқа азаматтардың арыздары бойынша Бостандық ауданының ІІБ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 177 бабы 3 бөлімі «б» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады», - делінген Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінде.

Алдын ала есептеулер бойынша келтірілген шығын 6 млн. теңгеге жуық қаржыны құрады.

Осы орайда құзырлы орган бұл қылмысты тергеу барысы қатаң бақылауға алынғанын атап өтті.