10:16, 28 Тамыз 2014 | GMT +5
«Гүлнәр тур» сот шешімімен лицензиясынан айрылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм департаменті сотқа «Гүлнар тур» ТК» ЖШС-ге туроператорлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айыру туралы талап арыз жолдаған болатын.

2014 жылғы 22 тамызда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты аталған талап арыз жөніндегі азаматтық істі ашық сотта қарап, «Гүлнар тур» ТК» ЖШС-ін лицензиядан айыру туралы шешім шығарды.