Гүлшара Әбдіқалықова елордадағы көпбалалы аналармен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елорда әкімдігінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша көпбалалы аналармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен қатар, шараға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысты.

«Үкімет мүшелерінен құралған үлкен топ барлық өңірлерде болып, тұрғындармен кездесулер өтті. Осы орайда көпбалалы аналармен, жұмыс берушілермен жүздесіп, әлеуметтік жауапкершілік және көпбалалы отбасыларға көмектесу мәселелері қаралды. Жалпы алғанда, өңірлердегі 156 елді мекенде 30 мыңға жуық адаммен кездестік. 262 үлкен кездесу болды, сондай-ақ 276 азаматты біз жеке қабылдадық және 72 аз қамтылған отбасыға бардық», - деді Үкімет басшысының орынбасары.
null

Осы орайда Г. Әбдіқалықова аталған кездесулерден кейін әлеуметтік қамқорлық бағдарламасы аясындағы төлемдерге байланысты кейбір проблемалар да анықталғанын атап өтті. Бұл тұрғыда тиісті шешімдер іске асырылды.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша елімізде жаңа әлеуметтік саясат жүзеге асырылуда. Негізгі міндет - өмір сүру сапасын жақсарту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру.

Бүгінгі күні елордада 10,1 мың көпбалалы аналар бар (4,4 мың көп балалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған) оның 3,5 мыңнан астамы аз қамтылған.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, елорда әкімдігінде көпбалалы аналарға әлеуметтік көмек көрсетудің 13 кешенді шарасы әзірленіп, іске қосылды. Осылайша, ағымдағы бюджеттен әлеуметтік көмек көрсету үшін 5,6 млрд теңге бөлініп, алдағы бюджетті нақтылау кезінде 2,4 млрд теңге көлемінде қосымша қаржы қарастырылатын болады.
null

Әлеуметтік шаралар ауқымында көпбалалы отбасыларға және тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген мүгедек балалары бар отбасыларға сертификат беру мүмкіндігі қарастырылуда. Бүгінгі күні бюджеттік ұйымдар қызметкерлеріне арналған тұрғын үй сертификаттары төленіп, Наурыз мерекесіне орай құны 1 млн теңге болатын 2000 сертификаттың 143-і берілді.

Кездесу барысында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы көпбалалы аналардың өкілдері өз пікірлерімен бөлісті.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

null

Соңғы жаңалықтар