Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Президентіне «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде баяндады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
None
None

Кездесуде Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысына жалпыұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ел өңірлерінде жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады.

Мемлекеттік хатшы Нұрсұлтан Назарбаевқа Президент жанындағы өзі басшылық ететін комиссиялардың биылғы 9 айдағы жұмысы туралы айтты.    

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. 

Соңғы жаңалықтар