Гүлшара Әбдіқалықова өзбек Елшісін қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Гүлшара Әбдіқалықова өзбек Елшісін қабылдады

Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы Қазақстан мен Өзбекстанды сан ғасырлық туыстық қарым-қатынас, мәдениеттің ортақтығы, шынайы достық пен өзара ынтымақтастық байланыстыратындығын атап өтті.

«Өткен жылы дипломатиялық қарым-қатынасымыздың 25 жылдығын атап өттік. Осы аралықта экономикалық байланыстарда нәтижелі жетістіктеріміз бар. 2017 жылы ғана тауар айналымы 31 пайызға артты. Бұл  2 млрд доллардан астамды құрайды. Ағымдағы жылдың алғашқы 2 айында тауар айналымы 366 млн долларға жетті. Бұл рекордтық көрсеткіш»,-  деді Гүлшара Әбдіқалықова.
null

Сонымен қатар ол ағымдағы жылы елімізде Өзбекстан мәдениетінің жылы өтіп жатқанын, көптеген шаралардың өткізілгендігін, алдағы уақытта да өтетіндігін айтты. Екі елдің ғылым, мәдениет, білім беру мекемелері, шаруашылық жүргізуші субъектілері, кәсіпкерлік құрылымдары арасындағы байланысты кеңейтуге бағытталған ауқымды іс-шаралар жоспарланып отырғандығына тоқталды.
null

Жүздесу соңында Гүлшара Әбдіқалықова Өзбекстан Елшісіне екі елдің арасындағы тату көршілік қарым-қатынасты нығайту жолында зор табыс тіледі.

null