22:30, 22 Қаңтар 2025 | GMT +5
Гуманитарлық көмек тиеген 900 жүк көлігі Газаға жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Гуманитарлық жүк тиеген тоғыз жүз жүк көлігі соңғы айларда азық-түлік пен негізгі қажеттіліктер тапшы болған Газа секторына жетті.

Бұл туралы БҰҰ гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасының (ГІҮБ) есебінде айтылды, деп жазады Report агенттігі Катардың Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасай отырып.
– Израиль блокадасын алып тастаған соң, сейсенбі күні Газаға гуманитарлық жүк тиеген 900-ге жуық жүк көлігі соғыстан зардап шеккен аумаққа жеткізілді, – делінген хабарда.
Айта кетейік, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Қазақстанмен бірлесіп Газа секторына көмек жіберді.
Италия халықаралық бітімгершілік миссиясы аясында Газаға әскер жіберуге дайын екенін мәлімдеді.