Гуманитарлық көмек тиелген 144 жүк көлігі Газаға кірді
Кеше Газа секторына «Рафах» бақылау-өткізу пункті арқылы халықаралық гуманитарлық көмек тиелген 144 жүк көлігі кірді. Kazinform бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мұндай мәліметті Палестина аумағындағы Израиль үкіметінің іс-әрекетін жүйелеу басқармасы Х әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) таратты.
Хабарламадағы ақпарат бойынша, 88 жүк көлігі анклавқа азық-түлік (1765 тонна), 21-і – медициналық құрыл-жабдық (198 тонна), 18-і – су (340 тонна), 7-і – уақытша орналастыру пункттерінің жұмысын ұйымдастыруға негізгі қажет заттар (110 тонна), 10-ы – аралас жүк (192 тонна) алып барады.
Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу 21 қазанда, таяушығыс жанжалы ушыққан соң екі аптадан кейін басталды.