СҚО-ғы гуманитарлық жүкті қабылдау орталығында жұмыс қызу

АСТАНА. KAZINFORM – «Ассамблея жастары» РҚБ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің төрағасы Дариға Смаилова гуманитарлық жүкті қабылдау орталығындағы ахуалға тоқталды.

Алматы
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

«Солтүстік Қазақстанның Ассамблея жастары өкілдігінің белсенділерімен бірге 14-сәуір күні ашылған жаңа жүк қабылдайтын қоймада жұмыс істеп жатырмыз. Түнде гуманитарлық жүкті әр аймақтан қабылдасақ, түске дейін оны мұқтаж жандарға бөлеміз. 14.00-ден бастап су тасқынынан зардап шеккен адамдарға таратуды бастаймыз. ҚХА «Жүректен жүрекке» акциясы аясында республика бойынша 12 мыңнан астам ерікті жұмылдырылды», - деді ол Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

Белгілі болғандай, облыстық ҚХА өкілдері 980 мың тонна азық-түлік қабылдаған. Тауарлар су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерге жөнелтілген.