Гурбангулы Бердімұхамедов Өзбекстанға барады
ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Түрікменстан Халық Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов 23-24 сәуір күндері Самарқанд қаласына барады, деп хабарлайды Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы, Түрікменстан Халық Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Самарқанд қаласына сапарлайды.
Алдағы келіссөздердің күн тәртібінде Өзбекстан-Түрікменстан стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту және көп қырлы ынтымақтастықты кеңейту, бірінші кезекте саяси, парламентаралық, сауда-экономикалық, көлік-коммуникация және мәдени-гуманитарлық салалардағы мәселелер бар.
Сондай-ақ аймақтық және халықаралық маңызы бар өзекті мәселелер талқыланады.
Еске сала кетейік, 21-22 сәуір күндері Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанның Түркістан қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.