Ғұсман Қырғызбаев Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды

АСТАНА. KAZINFORM – Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев Циндао Гран-приінде ел қоржынына алғашқы жүлдені салды. 

Ғұсман Қырғызбаев Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды
Фото: ҰОК

Отандасымыз финалда осы салмақтың айқын фавориті, 2 дүркін Олимпиада чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы Хифуми Абэмен (Жапония) белдесіп, жол берді.

Отандасымыздың жарыстағы жолы:

1/16 финал. Турболд Тумурху (Моңғолия)
1/8 финал. Джусуф Нуркович (Черногория)
1/4 финал. Руслан Пашаев (Әзербайжан)
1/2 финал. Рональд Лима (Бразилия)

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде ерлерден 60, 66 және әйелдерде 48, 52,57 келіде жүлделер сарапқа салынды.

Бүгінгі жарыстың басты ерекшелігі ретінде Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың 2 жылдан кейін татамиге оралуы болды. Жерлесіміз бірінші ресми жарысын 5-орынмен аяқтады.

Айта кетелік Ғұсман Қырғызбаев Қытайдағы Гран-при турнирінің алтыны үшін күресетіні туралы жазған едік