Гватемала тұрғындары екі баланы өлтірген қылмыскерді отқа жағып жіберді
АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Гватемала қаласынан солтүстікке қарай 50 шақырым жерде орналасқан Тактик елді мекенінің ызалы тұрғындары екі баланы өлтірген ауылдастары Джулио Сакуилды отқа жағып жіберді, деп хабарлады «Гудок» газеті.
Мас ер адам бастауыш мектепке кіріп, екі баланы: 8 жасар қыз бен 13 жасар ұл баланы бауыздап өлтірген. Құқық қорғау органдарының өкілдері қылмыскерді ұстауға үлгірмеді: оны кездейсоқ куәгерлер іске асырды. Олар қаскүнемді алдымен ұрып соқты. Одан кейін жиналған топ ер адамның үстіне бензин құйып, тірідей өртеп жіберді.