Гватемала түрмесіндегі бүлік: 8 адам ажал құшты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гватемалада Пуэрто-Барриос қаласындағы түрмеде жаңа жыл түнінде орын алған тәртіпсіздік салдарынан кем дегенде сегіз адам қаза тапты. Жиырмадан астам адам жарақаттанды.
None
None

Билік орындары хабарлағандай, жазасын өтеушілер түрмеден қашпақ болған, алайда оның алды алынды, деп жазды Франс пресс.

Жергілікті БАҚ хабарлаған өзге нұсқаға сәйкес, жазасын өтеушілер Жаңа жылды тойлап ішімдік ішкен, араларында дау туып, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан олар матрастар мен төсек-орындарды өртеген, түрмеде электр энергиясы өшірілді.

Бүлік бірнеше сағатқа созылды. Полиция жұманың таңына дейін олармен арпалысты.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, 175 адамға арналған түрмеде 900-ден астам адам жазасын өтеп жатқан.
null

Соңғы жаңалықтар